Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялардың
(комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы № 980

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестер) Қазақстан жағының:

Кәрiбжанов Ж.С. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген А.С.Есiмовты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-испан комиссиясының;

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-түрiк комиссиясының;

Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер министрiнiң орынбасары - Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман кеңесiнiң;

Ақымбеков С.Ш. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-австралия комиссиясының;

Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген В.Л.Меттенi босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-индия комиссиясының;

Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-монғол комиссиясының;

Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген А.С.Есiмовты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-венгер комиссиясының;

Мамашев Т.А. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 849 қаулысымен бекітілген Б.С.Әйтiмованы босата отырып, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-египет комиссиясының;

Қажыбаев А.Қ. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары - Сауда-экономикалық байланыстар және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румыния комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн;

Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген В.В.Соболевтi босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-британ комиссиясының.

Ескерту. 1-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996. 11.01. № 1332 қаулысымен.

ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерістер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.27. № 114 қаулысымен.

2. Үкiметаралық комиссиялардың қазақстан жағы құрылсын және:

Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрi - сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ливия комиссиясының;

Құлыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi - сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-сауд аравиясы комиссиясының;

Мамашев Т.А. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-солтүстiк корея комиссиясының;

Храпунов В.В. - Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi - сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-итальян комиссиясының;

Жұмабаев А.Ж. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-болгар комиссиясының төрағалары болып бекітілсiн;

Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-әзiрбайжан комиссиясының;

Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-грузин комиссиясының;

Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-палестина комиссиясының.

Ескерту. 2-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. № 1332 қаулысымен.

3. "Ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Румыния өкiлдерi құрамына аралас комиссияның тең төрағасын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 9 қарашадағы № 1502 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi