Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N
56 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 тамыздағы № 972 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі 1996 жылғы 12 қаңтардағы № 56 қаулысының 2-қосымшасына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 3, 17-бап/ мынадай өзгерту мен толықтыру енгiзiлсiн:

     рет нөмiрi 52-жол алынып тасталсын;
     5-бағанның рет нөмiрi 140-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

"Бiлiмминi,

     Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы
     /Фараби қоры/ жас таланттарды
     қолдау қоры,

Экономминi,

Қаржыминi"

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi