Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13
мамырдағы № 591 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1995 ж, № 21, 235-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінiң 1996.08.07. № 981 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар бекітілсiн:

Қазақстан Республикасында 1995-1997 жылдары жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасы;

2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, олардың аумақтық органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, олардың ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындары, мекемелерi "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 21, 235-бап) талаптарының орындалуын ұйымдастыру және қаржы-материалдық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Үкіметінiң 1996.08.07. № 981 қаулысымен алып тасталды

ҚР Үкіметінiң 1996.08.07. № 981 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Кәсiпорындардың, мекемелердiң басшылары 1996 жылға арналған құқықтық аттестация өткізудiң кестесiн бекiтсiн.

5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Жастар iсi, туризм және спорт жөніндегі министрлігі, Білім министрлігі басқа да мүдделi органдармен бiрлесiп тәрбиелеу мекемелерiнде жазасын өтеушi, милиция органдарында есепте тұратын кәмелетке жетпеген жасөспiрімдердi құқықтық оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн әзiрлесiн.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде шараларды жүзеге асыру және өткізу үшiн 1996 жылы мынадай қаржыландыру жүргiзсiн:

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ғылымға және әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердi қаржыландыруға арналып республика бюджетінде көзделген қаражат шегiнде 7,0 миллион теңге мөлшерiнде;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және біліктiлiгiн көтеру институтына білім беру және кәсiби даярлыққа арналып республика бюджетінде көзделген ақша бөлу сметасын нақтылау есебiнен 6,0 миллион теңге мөлшерiнде.

7. "Қазақ ССР-iнде жалпыға бiрдей праволық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 27 қыркүйектегi № 390 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 13 мамырдағы

№ 591 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға

арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi

Бағдарламасы

____________________________________________________________________
р\c|       Шаралар           |  Жауаптылар             |  Мерзiмi
____________________________________________________________________
 1 |            2            |            3            |      4
____________________________________________________________________
              I. Жалпы мәселелер
 
1.  24-30 сағаттық жылдық оқу  министрлiктер, мемлекеттік  тұрақты
    бағдарламасы бойынша құқық комитеттер, ведомстволар,    түрде
    білімдерiнiң тұрақты жұмыс олардың аумақтық органдары,
    iстейтiн мектептерiнде     Үкiмет жанындағы Мемлекеттік
    (курстарында) құқықтық     қызметшiлердi қайта даярлау
    оқыту (айына кемiнде       және біліктiлiгiн көтеру
    екi-үш рет)                институты, әкiмшiлiк-аумақтық
                               бiрлiктердiң әкiмдерi,
                               ұйымдардың басшылары
2. Азаматтардың әртүрлi        Әдiлет министрлігі, Білім   1996 жылдың
   санаттарының жас шамасы,    министрлігі, Еңбек             II-III
   кәсiптiк және басқа да      министрлігі, Баспасөз және    тоқсаны
   ерекшелiктерi ескерiлiп,    бұқаралық ақпарат жөніндегі
   құқықтық оқудың тақырыптық  ұлттық агенттiк, Қорғаныс
   жоспарлары мен              министрлігі, Ғылым министрлігі -
   бағдарламаларын әзiрлеу     Ғылым академиясы
 

Ескертпе. Жоспарлар мен бағдарламалар әзiрленгенге дейiн құқықтық оқу, министрлiктер, ведомстволар, олардың аумақтық органдары, әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi мен ұйымдар әзiрлеген бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.

3. Қазақстан Республикасы      Үкiмет жанындағы Мемлекеттік  1996 жыл
   Президентінің  1995 жылдың  қызметшiлердi қайта даярлау    мамыр
   21 маусымдағы № 2347        және біліктiлiгiн көтеру
   қаулысымен бекітілген       институты, министрлiктер,
   Қазақстан Республикасын.    мемлекеттік комитеттер,
   дағы Жалпыға бiрдей         ведомстволар және олардың
   құқықтық оқу туралы         аумақтық органдары, әкiмшiлiк-
   ережеге сәйкес азаматтардың аумақтық бiрлiктердiң
   әртүрлi санаттарының        әкiмдерi, кәсiпорындардың,
   құқықтық оқуға жеке         мекемелердiң басшылары
   тұрғыдан келуiн ескерiп,
   тыңдаушылар құрамын белгiлеу
4. Қазақстан Республикасының   Әкiмшiлiк - аумақтық          1996
   облыстарында, аудандарында  бiрлiктердiң әкiмдерi         жылдың
   базалық кәсiпорындар,       мен әдiлет басқармалары,      II-шi
   мектептер, училищелер,      министрлiктердiң, мемлекеттік  жарты
   техникумдар, жоғары оқу     комитеттердiң, ведомстволар.   жылдығы
   орындарын белгiлеу, онда    дың, сондай-ақ кәсiпорындардың
   оларға құқықтық оқудың      мекемелердiң аумақтық
   оқу-әдiстемелiк орталықта.  органдарының басшылары
   рының қызметi жүктелген,
   қажеттi материалдармен,
   көрнекi оқу құралдарымен,
   анықтамалық-заңгерлiк
   әдебиетпен, техникалық
   құралдармен жабдықталған
   құқықтық оқу кабинеттерiн
   жарақтау
 
          II. Оқушы жастардың құқықтық оқуын ұйымдастыру
 
   Мектеп жасына дейiнгi
   балалар мекемелерiнде
   құқықтық оқуды ұйымдастыру
 
5. Мектеп жасына дейiнгi бала. Білім министрлігі, Әдiлет  1996 жыл
   ларға құқықтық тәрбие       министрлігі және олардың   1997 жылдың
   берудiң нысандары мен       аумақтық органдары         бiрiншi
   әдiстерiн әзiрлеу және                                 жарты
   оларды мектеп жасына                                   жылдығы
   дейiнгi балалар
   мекемелерiнде енгізу
6. Мектеп жасына дейiнгi       Білім министрлігі, Ғылым   Бұл да сол
   балалармен жұмысқа          министрлігі - Ғылым
   арналған құқықтық тәрбие    академиясы Әдiлет
   және оқыту бойынша          министрлігі
   әдiстемелiк құралдар, оқу
   материалдарын әзiрлеу
7. Мектеп жасына дейiнгi       Білім министрлігі,         1)ұйымдас.
   балаларға құқықтық тәрбие   облыстардың, қалалардың,    тыру
   беру жөніндегі лекторийлер  аудандардың білім          мәселелерiн
   және ата-аналарды           басқармалары (бөлiмдерi),  шешу
   дайындаудың басқа да        мектеп жасына дейiнгi      1996 жылдың
   нысандарын ұйымдастыру      балалар мекемелерiнiң,     II-III
                               әдiлет басқармаларының     тоқсандары
                               басшылары                  2) басқа
                                                          мәселелердi
                                                          шешу - тұрақ
                                                          ты түрде
   Жалпы білім беретiн мектепте
   құқықтық оқуды ұйымдастыру
 
8. Білім жалғастығын, оның     Білім министрлігі, Ғылым   1996-1997
   үздiксiздiгiн, жалпы білім  министрлігі - Ғылым        оқу
   беретiн мектепте бүкiл оқу  академиясы                 жылынан
   кезеңiнде құқықтық                                     бастап
   білімдердi бiртiндеп
   тереңдетудi қамтамасыз ету
   арқылы оқытудың 1 класынан
   бастап "Мораль және құқық
   негiздерi" мiндеттi пәнiн
   енгізу мәселесiн шешу
9. Бастауыш мектепте (1-4      Білім министрлігі, Ғылым   1996/1997
   кластарда) "Мораль және     министрлігі - Ғылым        оқу жылынан
   құқық негiздерi" пәнi       академиясы                 бастап
   шеңберiнде құқықтық оқуды
   "Қоршаған ортамен танысу"
   курсы негiзiнде жүргiзу
10.Толық емес орта мектепте    Бұл да сол                 Бұл да сол
   (5-8 кластар) "Құқық
   негiздерi" пәнiн құқық,
   мемлекет, заңдылық, құқық
   сақтау, заң алдында
   жауапкершiлiк туралы бастапқы
   білімдердi тереңдету және
   арттыру, әлеуметтiк
   әдiлеттiлiк,адамның зор
   азаматтығы жеке тұлғаның
   орнықты имандылық-құқықтық
   қасиеттерi туралы
   түсiнiктердi қалыптастыру
   жолымен ұйымдастыру
11.9-шы класта Қазақстан      Білім министрлігі, Ғылым   1996/1997
   Республикасы Конституция.  министрлігі - Ғылым        оқу жылынан
   сының және конституциялық  академиясы                 бастап
   заңдарының ережелерiн
   зерделеу
12.10-11 кластарда құқық      Бұл да сол                 Бұл да сол
   салалары бойынша негiзгi
   ережелердi зерделеу
13.Оқытудың негiзгi нысандарын Бұл да сол                Бұл да сол
   олимпиадалар, клубтар,
   үйiрмелер,т.т. әзiрлеу. Оқу
   процесiнде техникалық
   құралдарды, құқықтық
   проблемалық жағдайлар шешiлетiн
   iскерлiк ойындарды пайдалану
 
   Арнаулы орта және жоғары оқу
   орындарында құқықтық оқытуды
   ұйымдастыру
 
14.Арнаулы орта және жоғары оқу  Білім министрлігі,    1996/1997 оқу
   орындарындағы құқықтық        Ғылым министрлігі -   жылынан бастап
   оқытудың үздiксiздiгi мен     ғылым академиясы
   жалғастығын қамтамасыз ету
15.Оқу орнының ерекшелiгiн       Бұл да сол            Бұл да сол
   ескерiп, қолданылып жүрген
   заңдардың негiзгi ережелерiн
   тереңдете зерделеу
16.Оқу процесiн жүргiзудiң       Бұл да сол            Бұл да сол
   әртүрлi нысандарын әзiрлеу.
   Құқықтық білімдердi
   тереңдетуге бағытталған
   шаралар енгізу
17.Құқықтық білімдердi кеңейту,  Бұл да сол            Бұл да сол
   оларды терең игеру және
   құқықтық материалды нақтылау.
   "Мамандандырудың құқықтық
   мәселелерi, оның неғұрлым
   өзектi проблемалары",
   "Ғылыми-техникалық прогрестi
   құқықтық қамтамасыз ету" және
   т.б. арнаулы курстарын енгізу
18.Құқықтық пәндердi зерделеу    Білім министрлігі,    1997/1998
   бойынша оқу және оқудан тыс   Ғылым министрлігі -   оқу жылынан
   процестердi ұйымдастырудың    Ғылыми академиясы     бастап
   нысандары мен әдiстерiн
   әзiрлеу
 
   Ұйымдастыру мәселелерiн шешу
 
19.Құқықтық оқу бойынша оқу     Білім министрлігі ,    1996 жылдың
   жоспарлары мен бағдарлама.   Ғылым министрлігі -    екiншi жарты
   ларын әзiрлеу:               Ғылым академиясы,      жылдығы/
   мектеп жасына дейiнгi        Әдiлет министрлігі     1997 жыл
   балалар мекемелерi;
   жалпы білім беретiн
   мектептер;
   арнаулы орта және жоғары
   оқу орындары үшiн
20.Азаматтардың әртүрлi санат.  Әдiлет министрлігі,    1996/1997
   тарына құқықтық сананы       Ғылым министрлігі -    жылдар
   қалыптастыру және құқықтық   Ғылым академиясы,
   тәрбие берудiң өзектi        Білім министрлігі
   мәселелерi бойынша нысаналы
   зерттеулер жүргiзу
21.Білім беру мекемелерiнде     Білім министрлігі,     1996 жылдың
   құқықтық оқытуды ұйымдастыру Ғылым министрлігі -    екiншi жарты
   бойынша ұсынымдар,           Ғылым академиясы,      жылдығы -
   оқу-әдiстемелiк материалдар  Әдiлет министрлігі     1997 жылдың
   дайындау                                            бiрiншi жарты
                                                       жылдығы
22.Мектеп жасына дейiнгi        Білім министрлігі,     1997-1998
   балалар мекемелерi, жалпы    Әдiлет министрлігі,    жылдар
   білім беру мектептерi,       Ғылым министрлігі -
   арнаулы орта және жоғары     Ғылым академиясы
   оқу орындары үшiн оқулықтар,
   оқу құралдарын, көрнекi
   оқу құралдарын, және т.б.
   оқу-әдiстемелiк материалдар
   дайындау және басып шығару
23.Оқу орындарындағы құқық      Білім министрлігі,    1) ұйымдастыру
   пәндерi оқытушыларын ұдайы   Әдiлет министрлігі,  мәселелерiн шешу-
   қайта даярлауды және         олардың аумақтық     1996 жыл;
   біліктiлiгiн көтерудi        органдары             2) басқа
   ұйымдастыру                                        мәселелердi
                                                      шешу тұрақты
                                                      түрде
24.Педагогикалық жоғары оқу     Білім министрлігі     1997-1998
   орындарында құқық және тарих                        жылдар
   пәндерi мұғалiмдерiн даярлау
   жөнiнде бөлiмшелер ашу,
   педагогикалық училищелердiң
   мектеп жасына дейiнгi балалар
   мекемелерi мамандарын дайындау
   бөлiмшелерiнде мектеп жасына
   дейiнгi балалар мекемелерiнде
   құқықтық тәрбие беру
   әдiстемесi бойынша пәндi
   зерделеудi енгізу
25.Iшкi iстер министрлігі,      Iшкi iстер министрлігі, 1)ұйымдастыру
   Жастар iсi, туризм және      Жастар iсi, туризм      мәселелерiн
   спорт министрлігі, Білім     және спорт министрлігі, шешу - 1996
   министрлігі әзiрленген       Білім министрлігі       жылдың III-IV
   бағдарлама негiзiнде                                 тоқсандары;
   тәрбиесi "қиын"                                      2) басқа
   жасөспiрiмдерге, сондай-ақ                           мәселелердi
   тәрбиелеу мекемелеріндегі                            шешу -тұрақты
   кәмелетке жетпеген                                   түрде
   жеткiншектерге құқықтық
   тәрбие беру және оқытуды
   қамтамасыз ету
 
           III. Халықтың әртүрлi санаттарын құқықтық оқыту
 
26.Құқықтық оқытуды Қазақстан   министрлiктер,          1)ұйымдастыру
   Республикасындағы жалпыға    мемлекеттік комитеттер, мәселелерiн
   бiрдей құқықтық оқу туралы   ведомстволар, олардың   шешу - 1996
   ережеге және Қазақстан       аумақтық органдары,     жылдың
   Республикасының Қарулы       әкiмшiлiк аумақтық      бiрiншi жарты
   Күштеріндегі әскери          бiрлiктердiң әкiмдерi,  жылдығы;
   қызметшiлер мен азаматтық    кәсiпорындардың,        2) басқа
   құрамның жалпыға бiрдей      мекемелердiң басшылары, мәселелердi
   құқықтық оқуын ұйымдастыру   әскери бөлiмшелердiң    шешу тұрақты
   туралы ережеге сәйкес        командирлерi            түрде
   ұйымдастыру және жүргiзу
27.Тұрақты жұмыс iстейтiн       Әдiлет министрлігі,     1996 жыл
   құқықтық білімдер            Ғылым министрлігі -
   мектептерiнде құқықтық       Ғылым академиясы
   оқытуды ұйымдастыру үшiн
   оқу материалдарын, көрнекi
   оқу құралдарын және т.с.
   әзiрлеу және басып шығару
 
                  IV. Құқықтық аттестация
 
28
 
29.Министрлiктер, мемлекеттік                           1996 жыл
   комитеттер, ведомстволар
   аппараттарының және олардың
   аумақтық органдарының
   лауазымды адамдарын,
   мамандарын,
   әкiмшiлiк-аумақтық
   бiрлiктердiң әкiмдерiн,
   кәсiпорындар мен мекемелер
   басшыларын құқықтық
   аттестациядан өткізу
     ЕСКЕРТУ. 28 рет нөмiрi, 29 рет нөмiрiнiң 2 бағанындағы сөздер
              алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.07.№ 981 қаулысымен.
 
30.Кәсiпорындар мен             кәсiпорындар мен        1996 жыл
   мекемелердiң лауазымды       ұйымдардың басшылары
   адамдарын құқықтық
   аттестациядан өткізу
31.Жұмысының ерекшелiгiне       Әдiлет министрлігі,     1996 жылдың
   қарай басшы кадрлар мен      Білім министрлігі,      мамыр-
   мамандарды аттестациялау     Қорғаныс министрлігі,   маусымы
   үшiн құқықтық мәселелердiң   еңбек министрлігі
   үлгiлiк тiзбелерiн әзiрлеу
 
                 V. Қазақстан Республикасындағы құқықтық
                      оқытуды кадрмен қамтамасыз ету
 
32.Министрлiктерде, мемлекеттік  министрлiктер,          1996 жылдың
   комитеттерде, олардың         мемлекеттік комитеттер  бiрiншi жарты
   аумақтық органдарында,        олардың аумақтық        жылдығы
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер  органдары,
   әкiмдерiнiң аппараттарында,   әкiмшiлiк-аумақтық
   кәсiпорындарда, мекемелерде   бiрлiктердiң әкiмдерi,
   тұрақты жұмыс iстейтiн        кәсiпорындар мен
   құқықтық білім мектептерiнде  мекемелердiң басшылары
   ұйымдастыру және ақпараттық
   қамтамасыз ету жөнiнде
   жұмыс органдары (комиссиялар)
   құрылып, оларға мынадай
   мiндеттер жүктелсiн:

нақты оқу жоспарлары мен бағдарламалар жасау; жоспарлар мен бағдарламалар негiзiнде баяндамалардың, лекциялардың тезисiн жасау; мектептердi көрнекi құралдармен, оқу материалдарымен және басқа да оқу құралдарымен жабдықтау; тыңдаушылардың қатысуын қамтамасыз ету; сабақтардың уақтылы және сапалы жүргiзiлуiне бақылау жасау; басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешу 33.Жалпыға бiрдей құқықтық тұрақты оқуды ұйымдастырудың түрде негiзгi мәселелерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 624 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқару органдары мен олардың ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының, мекемелерiнiң заң қызметi туралы ереже негiзiнде орталық және жергiлiктi атқару органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының, мекемелерiнiң заң қызметтерi шешедi 34.Оқу жоспарлары мен Үкiмет жанындағы тұрақты бағдарламаларына сәйкес Мемлекеттік қызметшi. түрде құқықтық оқытуға құқықтық лердi қайта даярлау және басқа мемлекеттік және біліктiлiгiн органдардың нақты көтеру институты, қызметкерлерiнiң, министрлiктер, ғалымдардың, тәжiрибелi мемлекеттік комитеттер заңгерлердiң белсендi ведомстволар және қатысуын қамтамасыз ету олардың аумақтық органдары, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi, әдiлет басқармалары

           VI. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуға бұқаралық
                  ақпарат құралдарының қатысуы
 
35.Мерзiмдiк басылымдарда       Баспасөз және бұқаралық  1996 жыл
   Қазақстан Республикасының    ақпарат құралдары
   қолданылып жүрген заңдардың  жөніндегі ұлттық
   және құқықтық қолдану        агенттiкпен бiрлесiп
   тәжiрибесiн түсiндiретiн     Әдiлет министрлігі,
   айдарлар ашу                 әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                облыстық, қалалық және
                                аудандық газеттердiң
                                редакциялары
36.Халыққа жалпыға бiрдей       "Қазақстан теледидары    Бұл да сол
   құқықтық оқу бойынша         мен радиосы"
   арнаулы хабарлар             республикалық
   ұйымдастыру                  корпорациясымен бiрлесiп
                                Әдiлет министрлігі,
                                әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                теледидар және радио
                                хабарын тарату жөніндегі
                                комитеттер
37.Мерзiмдi басылымдар, радио   Баспасөз және бұқаралық   Бұл да сол
   хабарын тарату және          ақпарат құралдары
   теледидар редакцияларында    жөніндегі ұлттық
   құқықтық тәрбие бөлiмдерiн   агенттiкпен бiрлесiп
   ашу мүмкiндiгiн қарау        Әдiлет министрлігі,
                                "Қазақстан теледидары
                                мен радиосы" республикалық
                                корпорациясы,
                                әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                облыстық және аудандық
                                газеттердiң редакциялары,
                                теледидар және радио
                                хабарын тарату жөніндегі
                                комитеттер
38.Жалпыға бiрдей құқықтық      Әдiлет министрлігі,       тұрақты
   оқу бойынша бұқаралық        Білім министрлігі, Iшкi   түрде
   ақпарат құралдарының         iстер министрлігі және
   қызметiн                     басқа құқық қорғау
   ақпараттық-құқықтық          органдары, сот органдары,
   қамтамасыз ету               Ғылым министрлігі -
                                Ғылым академиясы
 
           VII. Мәдени-ағарту мекемелерiнiң жалпыға бiрдей
                    құқықтық оқуға қатысуы
 
39.Мәдениет мекемелерiнде      Мәдениет министрлігі,   1) ұйымдастыру
   халықтың жалпыға бiрдей     Әдiлет министрлігі     мәселелерiн шешу
   құқықтық оқуын ұйымдастыру                         1996 жылдың
   бойынша жүйелi дайындықты                          III тоқсаны;
   және әдiстемелiк                                    2) басқа
   материалдарды зерделеудi                           мәселелердi шешу
   қарастыру                                          тұрақты түрде
40.Имандылық-құқықтық          Мәдениет министрлігі   жыл сайын
   тақырыптар бойынша
   фильмдер көрсетiлетiн
   республикалық апталықтар,
   айлықтар өткізудi
   тәжiрибеге енгізу
41.Көпшiлiк кiтапханаларда     Мәдениет министрлігі   1)ұйымдастыру
   заң әдебиетiнiң, журналдар                         мәселелерiн
   мен газеттердiң қажеттi                            шешу-1996 жыл;
   қорын құру                                         2) басқа
                                                      мәселелердi
                                                      шешу тұрақты
                                                      түрде
 
              VIII. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуды
                    материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
 
42.Атқару өкіметі              министрлiктер,        тұрақты түрде
   органдарының және олардың   мемлекеттік комитеттер,
   ведомстволық бағыныстағы    ведомстволар,
   кәсiпорындарының,           әкiмшiлiк-аумақтық
   мекемелерiнiң               бiрлiктердiң әкiмдерi
   қызметкерлерiн құқықтық     және оларға
   оқыту бойынша шығындары     ведомстволық
   өз қаржысы есебiнен жүзеге  бағыныстағы органдар,
   асырылады                   органдар, кәсiпорындар,
                               мекемелер
43.Жалпыға бiрдей құқықтық    Қаржы министрлігі        1)1996 жылдың
   оқу жөнiнде оқу-әдiстемелiк                         iшiнде;
   жұмысты қамтамасыз ету                              2)1997 және
   үшiн Әдiлет министрлігіне                           1998 жылдарға
   7,0 миллион теңге, Үкiмет                           арналған
   жанындағы Мемлекеттік                               республикалық
   қызметшiлердi қайта                                 бюджеттерде
   даярлау және біліктiлiгiн                           қарастыру
   көтеру институтына
   6,0 миллион теңге бөлу
44.Осы кешендi бағдарламада    Қаржы министрлігі       1997 және
   көзделген шараларды                                 1998 жылдарға
   орындау жөніндегі                                   арналған
   жұмыстарды қамтамасыз ету                           республикалық
   үшiн Ғылым министрлігі                              бюджеттерде
   Ғылым академиясына,                                 қарастыру
   Білім министрлігіне
   мақсатты нысанда қажеттi
   қаражат бөлу
45.Заңгер кадрлар мен халықты  Қаржы министрлігі       1997-1998
   заңгерлiк әдебиетпен,      Экономика министрлігі    жылдар
   кодекстермен, анықтамалармен
   заңдық және нормативтiк
   актiлермен, әдiстемелiк және
   көрнекi оқу құралдарымен
   неғұрлым толық қамтамасыз
   ету мақсатында жабдықтар,
   қағаздар және басқа оның
   полиграфиялық қуатын
   күшейтетiн техниканы алу
   үшiн "Жетi жарғы" заң
   баспасына валюталық қаржы
   бөлу
 
               IX. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
                        және жүргiзуге бақылау жасау
 
46."Қазақстан Республикасында
   жалпыға бiрдей құқықтық
   оқуды ұйымдастыру жөніндегі
   шаралар туралы" Қазақстан
   Республикасы Президентінің
   1995 жылғы 21 маусымдағы
   № 2347 қаулысын жүзеге
   асырудың барысы туралы
   мәселелер қарау:
 
   Қазақстан Республикасы                               жылына 1 рет
   Үкіметінiң мәжілістерiнде
 
   министрлiктердiң, мемлекеттік                        жылына 2 рет
   комитеттердiң, ведомстволардың,
   олардың аумақтық органдарының,
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi
   әкiмдерiнiң алқаларында,
   жедел мәжілістерiнде
 
   кәсiпорындардың, мекемелердiң                        тоқсан сайын
   өндiрiстiк мәжілістерiнде
 
47.Жалпыға бiрдей құқықтық оқуға    Әдiлет министрлігі
   әдiстемелiк басшылық             және әдiлет
                                    басқармалары
48.Министрлiктердегi, мемлекеттік   Бұл да сол           жоспар
   комитеттердегi,                                      бойынша
   ведомстволардағы, олардың                            кезеңмен
   аумақтық органдарындағы,
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер
   әкiмдерiнiң аппараттарындағы,
   кәсiпорындар мен
   мекемелердегi жалпыға бiрдей
   құқықтық оқудың жай-күйiн
   зерттеу және оны жақсарту
   жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінiң
                                     1996 жылғы 13 мамырдағы
                                        № 591 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
 
      Министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың
      басшы қызметкерлерiн, облыстардың, Алматы қаласы әкiмдерi
      және олардың орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметі
      Аппаратының бөлiм меңгерушiлерiн және басқа да қызметкерлерiн
      аттестациядан өткізу үшiн аттестациялық комиссияның
                             ҚҰРАМЫ
 
     Шайкенов Н.А.       - Қазақстан Республикасы
                           Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
     Тимкин М.И.         - Қазақстан Республикасы Президентi
                           Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары,
                           төрағаның орынбасары (келісімiмен)
     Шуткин С.И.         - Қазақстан Республикасы Үкіметі
                           Аппаратының Басшысы (төрағаның
                           орынбасары)
 
                  Комиссия мүшелерi:
 
     Абайдiлдинов Т.М.   - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
                           Ұлттық университетiнiң еңбек құқығы
                           және азаматтық процесс кафедрасының
                           меңгерушiсi, заң ғылымдарының
                           кандидаты
     Басин Ю.Г.          - Қазақ Мемлекеттік заң институтының
                           профессоры, заң ғылымдарының докторы
     Белоруков К.В.      - Қазақстан Республикасының Президентi
                           Әкiмшiлiгi Заңдылықты, құқық тәртібін
                           және сот реформасын қамтамасыз ету
                           бөлiмi меңгерушiсi (келісімiмен)
     Мұхаметжанов Б.А.   - Қазақстан Республикасы Үкіметі
                           Аппараты Заң бастамашылығы және
                           құқықтық сараптама бөлiмi
                           меңгерушiсiнiң орынбасары
     Рогов И.И.          - Қазақстан Республикасы Президентінің
                           көмекшiсi, заң ғылымдарының кандидаты
                           (келісімiмен)
     Сүлейменов М.Қ.     - Қазақ мемлекеттік заң институты
                           ғылыми-зерттеу орталығының директоры,
                           Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi
     Елубаев Ж.С.        - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
                           орынбасары(келісімiмен)