Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 маусымдағы N
864 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 29 сәуiрдегі № 524 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

1996 жылға арналған Үкiметтiң заң жобалары жұмысының жоспары мен 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

"Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 маусымдағы № 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 252-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

"Қонақүйлердi пайдалану      Қазақстан Республикасының   1996
ережелерi                    Құрылыс, тұрғын үй және     жылдың
                             аумақтарда құрылыс салу     маусымы"
                             министрлігі
деген жол алынып тасталсын.
 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi