Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 12 қаңтардағы N
56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 30 сәуірдегі № 534 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 3, 17-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары" деген 1-қосымшада:

рет нөмiрi 25, "тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсетулер" деген жолда, 4-бағандағы "1998" цифрлары "1996" деген цифрлармен ауыстырылсын;

рет нөмiрi 87, 2-бағандағы "үш жыл iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;

"1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кем ауқымды жоспары" деген 2-қосымшада:

рет нөмiрi 153, 2-бағандағы "үш жыл iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi