Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 26
қаңтардағы № 106 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру, кедендiк бақылау мен ресiмдеудi жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймаларын құру жөніндегі iс-қимылдарды тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Алматы қаласының Сүйiнбай даңғылы, 353 үйде орналасқан терминал аумағында "Темір-Жол-Терминал" кеденiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Темір-Жол-Терминал" кеденiн ұйымдастыру үшiн 40 адамға қосымша штат бөлсiн және оны ұстауға қажеттi қаражат көздесiн.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі кеден органдарымен бiрлесiп, Алматы қаласына темір жол көлiгiмен "Темір-Жол-Терминал" кеденiне кедендiк ресiмдеу үшiн әкелiнген жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi