Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жергiлiктi органдарының штат
саны туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 7 ақпандағы № 122 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң аумақтық органдарының шектi саны 472 бiрлiкке көбейтiлсiн.

2. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық органдарды, әкiмшiлiктiң бұрынғы баға бөлiмiн қоса қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттік басқару органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнде жүргiзiлсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi