Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы орталық
аппаратының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 9 қарашадағы 1994 ж. № 1249 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясы орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 30 адам болып бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясына төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.

3. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетінің
                                       1994 жылғы 9 қарашадағы
                                          № 1249 қаулысына
                                             қосымша
 

Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық

комиссиясы орталық аппаратының

Құрылымы

     Физика-математика, техникалық ғылымдар,
     Жер және ғарыш туралы ғылым бөлiмi
 
     Химия, биология, медицина және ауыл шаруашылығы
     ғылымдары бөлiмi
 
     Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi
 
     Аттестациялық және ақпараттық құжаттар бөлiмi
 
     Әкiмшiлiк басқару бөлiмi
 
     Бухгалтерия (Сектор)