Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен жергiлiктi өкiлдi органдары
депутаттарының сайлауы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 3700 Қазақстан
Республикасының Заңы

2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-III Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:

Мемлекеттiң тұрақты жұмыс iстейтiн бiрден-бiр заң шығарушы және жоғары өкiлдi органы ретiндегi бiрiншi сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының және Қазақстан Республикасының облыстық, аудандық және қалалық өкiлдi органдары депутаттарының сайлауы 1994 жылғы 7 наурызға тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

Н. Назарбаев