Темір жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12 сәуiр 1993
ж. № 294

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Мемлекетаралық қатынаста темір жол көлiгiмен жүк тасымалдауда ТМД елдерiнiң бiртұтас тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1993 жылдың 12-сәуiрiнен бастап мемлекетаралық қатынаста темір жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың тарифтерiн көтерудiң шектi коэффициентi қолданылып жүрген тарифтерге 2,2 мөлшерде (қосылған құнға салынатын салықсыз) белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi