"Невада-Семей" акционерлік қоғамының тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет
экспортына салынатын салық шамасын белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 17 қыркүйектегі № 773 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

"Невада-Семей" акционерлік қоғамының тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң кез келген түрiн экспортқа шығарудан, сондай-ақ сыртқы сауда операцияларын жүргiзуден түскен валюталық түсiмiне салынатын салық шамасы 2 процент мөлшерiнде белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi