Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы № 1282  қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен  күші жойылды

 

"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

     "Алматы облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Тамғалы кешені,      Жамбыл ауданы,
     қола заманы           Қарабастау кентінен
                           4 шақырым жерде        археология".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі