"Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қазан № 1304

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Бақыршық тау-кен металлургия комбинатының кредиторлық берешегін өтеу және оны кейіннен тарату шартымен "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 30 пайыз үлесі берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-9-жолмен толықтырылсын:

     "495-9 ШҚО-001271 "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС";

2) "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына қатысудың мемлекеттік үлесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1026 қаулысына:

     2-тармақтың 2-тармақшасы алынып тасталсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
 
         
                  ,