Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 410 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» бөліміндегі: «109-9 Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы Өскемен қаласы 109-10 Қара металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы Қарағанды қаласы 109-11 Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы Атырау қаласы»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «109-10 «Түсті металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Өскемен қаласы 109-11 «Қара металлургия кәсіпорындарының техникалық қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы 109-12 «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Атырау қаласы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 109-13, 109-14, 109-15-жолдармен толықтырылсын: «109-13 Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыстардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы 109-14 «Химия, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, микробиология, химиялық- фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шымкент қаласы 109-15 «Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушыларының ғылыми-инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қарағанды қаласы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
,