Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы №
1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1913 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы:

үшінші жолдың 2 бағаны "2844" деген саннан кейін "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы:

екінші жолдың 2 бағанындағы "(медиц. мақсаттағы көздерден басқа)" деген сөздер "(бөлінетін элементтері жоқ иондаушы сәулелену көздерінен басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 

     бөлінетін элементтері жоқ   284440  Қазақстан Республикасы Энергетика,
     иондаушы сәулелену көздері          индустрия және сауда              
                                         министрлігінің Атом энергетикасы
                                         жөніндегі комитеті";
     4) көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы:
     он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
     
     бөлінетін элементтері жоқ   284440  Қазақстан Республикасы Энергетика,
     иондаушы сәулелену көздері          индустрия және сауда              
                                         министрлігінің Атом энергетикасы
                                         жөніндегі комитеті".

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары