Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Егемен Қазақстан» республикалық мемлекеттік ұлттық қоғамдық-саяси газетi» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 қарашадағы № 1658 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес және «Егемен Қазақстан» республикалық газетiн әрi қарай дамыту, қазiргi заманғы менеджмент және маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Егемен Қазақстан» республикалық мемлекеттік ұлттық қоғамдық-саяси газетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен «Егемен Қазақстан» республикалық газетi» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - «Егемен Қазақстан» ААҚ) етiп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) «Егемен Қазақстан» ААҚ-ның жарғысын бекiткен кезде редакциялық, баспагерлiк, жарнамалық және ақпараттық қызмет көрсетулердi орындау оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн;

2) «Егемен Қазақстан» ААҚ-ның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесіндегі:

«Астана қаласы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-9-жолмен толықтырылсын:

«21-9            «Егемен Қазақстан» республикалық газетi» ААҚ»;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулының қосымшасындағы:

«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-2-жолмен толықтырылсын:

«224-2            «Егемен Қазақстан» республикалық газетi» ААҚ».

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі