Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N
1060
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Алматы қаласы" бөлімінде:
реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" бөлімінде:
реттік нөмірі 300-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-6-жолмен толықтырылсын:
"123-6. АЛА-000283 "№ 405 Авиация жөндеу зауыты" ААҚ";
"Ақтөбе облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-1-жолмен толықтырылсын:
"133-1. АКТ-000128 "№ 406 ГА Авиация жөндеу зауыты" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі