Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 12 шілде № 1058
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаға:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 118-16-жолмен толықтырылсын:
"118-16. ПВЛ-000600 "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі