Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1045 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласының мәртебесі және оны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы № 3698 Жарлығының және "Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Алматы қаласы" бөлімінде:
реттік нөмірі 73-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-30-жолмен толықтырылсын:
"292-30 АЛА-001638 "Алматыметроқұрылыс" АҮАҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі