Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 16 маусымдағы № 897  Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен  күші жойылды

 

"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:

"Маңғышлақ облысы" бөліміндегі "Маңғышлақ" сөзі "Маңғыстау" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "Жер астындағы               Ералы ауданы, 
     Бекет-Ата мешіті             Сенек кенішінен 
     XVIII ғасыр                  85 км жерде         тарих". 
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі