Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 805  қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен  күші жойылды

 

"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақ ССР-iнiң республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 5, 23-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

аталған қаулымен бекітілген Қазақ ССР-iнің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттік тiзiмiндегi:

"Солтүстiк Қазақстан облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Қарасай және Ағынтай" Айыртау ауданы, мемориалдық кешенi Мәдениет селосының оңтүстiгiне қарай 4 шақырымда өнер "Қарасай және Ағынтай батырлар" Петропавл қаласы, мүсiндiк ескерткiшi Октябрь алаңы өнер".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі