"Евро-Азия Эйр" тікұшақ авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамы
акцияларының мемлекеттік пакетiн "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау
жөнiндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамына
беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000
жылғы 25 мамыр № 785

     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. № 591     
              қаулысымен. 

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     реттiк нөмiрi 140-жол алынып тасталсын;

2) "Евро-Азия Эйр" тiкұшақ авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi № 1084 қаулысына:

     2-тармақ алынып тасталсан.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі