Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан № 1539
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына толықтыру енгізілсін:
аталған қаулыға қосымшадағы:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 118-19-жолмен толықтырылсын:
"118-19. ШҚО-002784 "Бұқтырма СЭС" ААҚ.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі