"Тараз қанаты" авиакомпаниясы", "Сыр сұңқары" ашық акционерлік
қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 541 Қаулысы

 

Авиакомпаниялардың бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру және Жамбыл, Қызылорда облыстарының халқына қызмет көрсетудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Әуежайды мүлiктiк кешен ретiнде бөлу жолымен "Тараз қанаты" авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамы қайта ұйымдастырылсын және оған бөлiнген мүлiктiк кешендi беру арқылы "Әулиеата" ашық акционерлік қоғамы құрылсын;

әуежайды мүлiктiк кешен ретiнде бөлу жолымен "Сыр сұңқары" ашық акционерлік қоғамы қайта ұйымдастырылсын және оған бөлiнген мүлiктiк кешендi беру арқылы "Қызылорда" әуежайы" ашық акционерлік қоғамы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын iс-шараларды жүзеге асырсын.

3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

"Жамбыл облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 545-2 - жолмен толықтырылсын:

"545-2 "Әулиеата" ААҚ";

"Қызылорда облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 768-1 - жолмен толықтырылсын:

"768-1 "Қызылорда" әуежайы" ААҚ".

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі