Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 қаңтар № 130

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулының қосымшасында: 
     реттік нөмірі 138-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 228-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне 
     228. "Жібек жолы - Қазақстан ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
        Премьер-Министрінің 
        бірінші орынбасары