Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамына беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегі № 1400 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

реттiк нөмiрi 43, 57 және 98-жолдар алынып тасталсын.

2. ҚР Үкіметінің 02.05.01 ж. № 591 қаулысымен алып тасталды

3. «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөнiндегі» жабық акционерлік қоғамы «ТрансПетролеум» жабық акционерлік қоғамының:

1) «Травники-Қостанай-Аманқарағай» және «Петропавл-Көкшетау-Астана» магистралдық мұнай өнiмдерi құбырларындағы мұнай өнiмдерiн сумен ығыстырып шығаруды;

2) «Травники», «Қостанай», «Петропавл», «Красноармейск», «Щучинск» аралық қайта айдау станцияларымен бiрге «Травники-Қостанай-Аманқарағай» және «Петропавл-Көкшетау-Астана» магистралдық мұнай өнiмдерi құбырларының желiлiк бөлiктерiн консервациялауды;

3) жоғарыда көрсетiлген мұнай өнiмдерi құбырларының трассаның өн бойындағы жабдықтарын оның сақталуын қамтамасыз ете отырып монтаждап бұзуды және реттеп жинауды жүргiзуiн қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi «ТрансПетролеум» жабық акционерлік қоғамы жоғарыда көрсетiлген мұнай өнiмдерi құбырларынан ығыстырып шығарған мұнай өнiмдерiнiң көлемiн қабылдап алуды және сақтауды қамтамасыз етсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі