«Ақмоласельмаш» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік
пакетін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 988 Қаулысы
Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласында нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "Ақмоласельмаш" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) екі ай мерзім ішінде "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Медетші банкіне меншікті айналым қаражатын толықтыруға "Ақмоласельмаш" акционерлік қоғамы үшін несие бөлу туралы" 1997 жылғы 16 қазандағы № 47 несиелік келісімге белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізілсін, онда мынадай шарттар көзделсін:
несиені пайдаланғаны үшін сыйақыны (мүддені), мерзімі өткен сыйақыны (мүддені) және айыппұл санкцияларын бірінші жылдан бастап өтеу белгіленсін;
2)
3)
Ескерту: 2 тармаққа ҚР Үкіметінің 2000.05.04. № 665 қаулысымен өзгерістер енгiзiлдi
2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласының әкімі "Медетшi қор" республикалық мемлекеттік кәсiпорнымен, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамымен, Қоғаммен:
1) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына соңғысымен атаулары мен бағаларын келісіп, Қоғамға ауыл шаруашылығы техникасын "Медетшi қор" республикалық мемлекеттік кәсiпорны берген несиенi берiлетiн техниканың сомасына өтеу есебiне берудi;
2) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына берiлетiн техниканың сомасына несие бойынша борышын жылдық 3 (үш) пайыз сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша 5 (бес) жылдың iшiнде қайтару шартымен аударуды;
3) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы техниканы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге лизинг шартымен берудiң немесе оны сатудың нәтижесiнде түсетiн төлемдердiң есебiнен осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген несие бойынша берешектi өтеудi көздейтiн келісімдi заңнамада белгiленген тәртiппен жасасуды қамтамасыз етсiн.
Ескерту: ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1431 қаулысымен 2-1 тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Төлем жасауға қабілетсіз кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетші банкіне беру туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 194-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Ақмоласельхозмаш" АҚ, Ақмола облысы" деген жол алынып тасталсын.
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері туралы және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы "Астана", деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 107-4-жолмен толтырылсын:
"107-4 АКМ-002445 "Ақмоласельмаш" ААҚ";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада "Астана" деген бөлімдегі реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1144 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 306-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі