Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына толықтыру енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 443 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 шілдедегі № 1074 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-1 жолмен толықтырылсын:
«205-1 «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ.
2. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 443 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 14, 136-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыға сәйкес «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы акциялары пакетінің берілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі