«Ұлан» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 128 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлан» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Республикалық ұлан мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3. Республикалық ұлан Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі