Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 15 ақпандағы № 122 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 474-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

     474 «Ақпараттық -есеп орталығы»
         республикалық мемлекеттік кәсіпорны
         (шаруашылық жүргізу құқығында)            Алматы қаласы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі