«ЕС Қазақстан энергетика орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1358 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЕС Қазақстан энергетика орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЕС Қазақстан энергетика орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЕС Қазақстан энергетика орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын бекітсін.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі