Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің
Астана қаласына орналасуы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 722 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Астана қаласына орналасуы жүзеге асырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Астана қаласында Бейбітшілік көшесіндегі 10-ғимаратқа орналастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Комитеттің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін ескере отырып орналасудың тәртібін белгілесін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі