«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» мемлекеттік кәсiпорнының атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 600 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 430-құжат) және «Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы» 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)»«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)»деп қайта аталсын.

ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен екінші және үшінші бөліктердің күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi