«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 17 сәуірдегі № 347 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

"Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергиясын одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысында:

1-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамының басқармасын, Өскемен қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келісім берiлсiн" деген сөздер алынып тасталсын;

«Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысында:

1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келісім берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн";

"Уран өнiмiнiң экспортын реттеудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 24 ақпандағы № 130 қаулысында:

4-тармақтың үшiншi абзацындағы "он үшiншi" деген сөз "жетiншi" деген сөзбен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi