Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 наурыздағы № 204 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Iс
басқармасы
462 "Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
автошаруашылығы: республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
463 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Қазақстан Республикасының
Президентi Әкiмшiлiгiнiң,
Парламентi және Үкіметі
әкiмшiлiк ғимараттарына
қызмет көрсету жөніндегі
дирекциясы" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
464 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету базасы"
республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
465 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Ақмола қаласындағы
мемлекеттік резиденциялар
дирекциясы" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi