Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 28 мамырдағы № 895  қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен  күші жойылды

 

Кеңес кезеңiндегi тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тарихи-мәдени мәнiнiң жоғалуына және Ақмола қаласының орталық бөлiгiн қайта жаңарту қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени ескерткiштерi туралы" Қазақ ҚСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына (СП Қаз ҚСР, 1982 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ ҚСР-iнiң республикалық мәнi бар тарихи және мәдени ескерткiштерiнiң мемлекеттік тiзiмiнен мына жолдар алынып тасталсын:

     "В.И.Ленинге ескерткiш, 1970 ж.,     Целиноград қаласы өнер
     мүсiншiлер А.С.Новиков,

А.И.Бельдюшкин

     сәулетшi А.Н.Котырев
 
     Кеңес өкіметінiң күрескерлерiне      Целиноград қаласы өнер
     арналған мемориал, 1972 ж.,          Кеңестер үйiнiң
     мүсiншi Л.П.Колотилина,              гүлзары
     сәулетшi Т.Жанысбеков

2. Ақмола қаласының әкімі Ақмола қаласының орталық бөлiгiн қайта жаңарту жоспарына сәйкес В.И.Ленин ескерткiшi мен Кеңес өкіметінiң күрескерлерiне арналған мемориалды орналастырудың жаңа орынын айқындасын және көшiрудi жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi