Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық
жөніндегі қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы
25 қаңтар 1993 ж. № 64
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 594 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы үкiметаралық бiрлескен комиссия құру туралы Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы қол жеткен уағдаластықтар мен өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамытуды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақ-иран үкiметаралық бiрлескен комиссиясының қазақ жағы мына құрамда бекітілсiн: Комиссия мүшелерi:
Әбітаев - Экономикалық министрiнiң орынбасары
Есберген Әбiтайұлы
Акимов - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары
Борис Михайлович
Байназаров Ғалым - Ұлтмембанк басқармасының төрағасы
Батыршаұлы Сайлау - Сыртқы iстер министрiнiң
орынбасары
Бияров Мұхтархан - "Қазақстанимпекс" сыртқы
Нұралдыұлы экономикалық бiрлестiгiнiң бас
директоры
Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрi, комиссияның
төрағасы
Мұқанов М.Н. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
экономикалық байланыстар министрлігінiң
Азия және Тынық мұхит аймағы елдерiмен
сауда-экономикалық байланыстар
басқармасының жетекшi сарапшысы
(комиссияның хатшысы)
Оразбаев - Сыртқы iстер министрiнiң екiншi
Асхат Тұтқышбайұлы хатшысы
Сарбөпин Қайырхан - Сыртқы экономикалық байланыстар
Есенғалиұлы министрiнiң орынбасары
Сұраншиева Гүлзада - Президент пен Министрлер Кабинетi
Битөлекқызы Аппаратының Сыртқы байланыстар
бөлiмiнiң референтi
Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1994.06.13. № 617
қаулысымен.
Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1996.01.04.
№ 12 қаулысымен.
2. Үкiметаралық комиссияның қазақ жағына қажет болған жағдайда тұрақты комиссиялар құрып, олардың құрамын, мiндетiн және жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау хұқы берiлсiн.
3. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссия жұмысына барынша жәрдемдесетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi