Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы

 

2013 жылғы 29 қарашадағы № 147-V ҚР Заңымен күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттiң мынадай мөлшерлерi бекiтiлсiн:

2013 жыл - 1 380 000 000 мың теңге;

2014 жыл - 1 188 000 000 мың теңге;

2015 жыл - 1 188 000 000 мың теңге.

2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепiлдендiрiлген трансферт туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 19, 146-құжат; 2012 ж., № 7, 54-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 20-ы.

№ 52-V ҚРЗ