Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 7, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 4 729 852 668 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 2 951 663 443 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 241 253 675 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 19 698 025 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 517 237 525 мың теңге;

2) шығындар - 5 301 003 844 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредит беру - 50 758 465 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 174 515 975 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 123 757 510 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 361 236 077 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 361 746 077 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 510 000 мың теңге;

5) тапшылық - -983 145 718 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 3,1 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 983 145 718 мың теңге.»;

2) 13-бапта:

9) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

«26-1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн күтіп-ұстауға;»;

3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылға арналған резервi 92 208 383 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

4) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

«25-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2012 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.»;

5) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 20-ы.

№ 51-V ҚРЗ