Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2011 жылғы 15 қарашадағы № 491-ІV Заңымен күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:

2011 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;

2012 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;

2013 жыл - 1 200 000 000 мың теңге.

2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 30-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 30-ы.

№ 358-ІV ҚРЗ