Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2065 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімінің жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |