Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2132 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 - 7419,0; 2010 - 19000,0*»;

реттік нөмірі 6-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 - 22680,0»;

реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 - 1144666,0»;

реттік нөмірі 8-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 - 958379,0; 2009 - 510781,0»;

мынадай редакцияда жазылсын:

реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағаны «2008 - 9387,0»;

реттік нөмірі 10-жолдың 6-бағанындағы «2008 - 39412,0; 2009 - 129403,0*» деген сандар «2008 - 53939,0; 2009 - 76363,0» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10.1-жолмен толықтырылсын:

«

10-1

Халықтың ұлттық санағын өткізу бағдарламасының шеңберінде өзге де қызметтер сатып алу

Қызметтер

СА

2008 жыл

2008 -236149,0

Республикалық

бюджет

»;

реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2008 - 201570,0; 2009 - 2518310,0»;

реттік нөмірі 14-жолда:

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2009 - 148029,0»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджет»;

реттік нөмірі 15-жолда:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2009 - 2011 жылдар»;

6-баған «2010 - 32760,0*»деген сандардың алдынан «2009 - 3467,0» деген сандармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов