Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2053 Қаулысы

 

ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Қуанғанов

Фархат Шаймұратұлы

 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

 

Есқалиев

Ерхат Серікұлы

 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі

 

Кулинич

Александр Васильевич

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

 

көрсетілген құрамнан Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Олег Анатольевич Федоров шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов