Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1903 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 Қаулысымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін»;

3-тармақ «Осы» деген сөзден кейін «қаулының 1-тармағының 2-1) тармақшасында және осы» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов