Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1941 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

3-тармақ «Осы қаулы» деген сөздерден кейін «2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізелетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов