Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімге Қосымша келісімді мақұлдау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қарашадағы № 1747 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімге Қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімде:

он екінші абзац «шаралар қабылдайды.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Көрсетілген мақсат үшін «Самұрық-Қазына» қоры білім алушылардың жекелеген санаттарына кредит беруді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге 15 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат ұсынатын болады.»;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

VIII. «Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қолдау» деген бөлімде:

реттік нөмірі 14-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

14-1

Күндізгі оқыту нысанында ақылы негізде білім алатын, оқытудың бүкіл кезеңінде «жақсы» және «үздік» деген бағалардың баламасына сәйкес келетін немесе ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 65 балдан төмен емес бағалары бар, көп балалы, толық емес және табысы аз отбасыдан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек не ата-аналары мүгедек не зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға ұзақ мерзімді білім беру кредиттерін ұсыну

БҒМ, ДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Үкіметтің қаулылары

2009 жылғы наурыз, қараша

».

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К Мәсімов