Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 қаулысына толықтырулар енгізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1512 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционер қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

мына:

 

«Әшімбаев Мәулен

Сағатханұлы  

- Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігі Басшысының орынбасары  (келісім бойынша)»  

 

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«Орынбаев Ербол

Тұрмаханұлы

 

- Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары  

Бишімбаев Қуандық

Уәлиханұлы  

- Қазақстан Республикасы  Президентінің көмекшісі  (келісім бойынша)»;  

 

мына:

 

«Түймебаев Жансейіт

Қансейітұлы

- Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі»  

 

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 

«Жәмішев Болат

Бидахметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі  

Келімбетов Кайрат

Нематұлы  

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» акционерлік қоғамының басқарма  төрағасы (келісім бойынша)»;  

 

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 

«Сәрінжіпов Аслан

Бәкенұлы  

- «Астананың жаңа университеті»  коммерциялық емес акционерлік  қоғамының президенті».  

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                     

 

К. Мәсімов