Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1089 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

14-тармақта:

жиырма бірінші абзац алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы және тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актілердің нысандарын белгілейді»;

15-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«хаттамалар жасау және туристік қызмет, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов