Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 1001 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                    

 

К. Мәсімов