Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 982 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
|
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы
| - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
|
«Ахметов Серік Нығметұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |